Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әлеуетті жобалар жүзеге асады

0 291

Астана қаласында инфрақұрылымды дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру аясында Астана қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ пен «Байтерек Девелопмент» АҚ қатысуымен үшжақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Келісімнің негізгі міндеттерінің бірі – шартты қаржыландыру тетігі арқылы Астана қаласында әлеуметтік бағдарланған жобаларды бірлесіп жүзеге асыру.
«Бәйтерек Девелопмент» АҚ әлеуметтік бағыттағы жобалар арқылы шартты қаржыландыру тетігі бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырады. Жоба іске асу кезеңінде жеке серіктестер үшін қаржыландыру жылына 5 пайыздан аспайтын жеңілдікті мөлшерде беріледі, ал салынған объектіні сатып алу кезеңінде
«Бәйтерек» АҚ мөлшерлемесі нарықтық бағаға тең болады. «Байтерек Девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алтай Күздібаев өз сөзінде шартты қаржыландыру «Байтерек Девелопмент» акционерлік қоғамымен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеке серіктестерге банктік несие беруді екінші деңгейлі банктерге шартты салым салу арқылы жүзеге асыруды білдіретіндігін атап өтті. Оның айтуынша, инвестиция­лық өтінімдер екінші деңгейлі банктермен digital.baiterek.gov.kz онлайн порталы арқылы ұсынылады.
«Бүгінгі таңда қаланың өміріне атсалысуды көздеп, қоғамға пайдасы зор әлеуметтік жобаларды іске асыруды қолға алып жатқан адамдардың қатары көбейіп келеді. Көп жағдайда дәл осы жобалардың тиімділігі үлкен. Біз өз тарапымыздан елорда тұрғындарына маңызды саналатын әлеуметтік бағыттағы жобаларға барынша қолдау көрсетуге әзірміз» деді Астана қаласының Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров.
Ал «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов өз сөзінде бұл шара компанияның шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жұмыстарының бір ғана түрі екенін тілге тиек етіп, мемлекеттік жекеменшік ресурстарды біріктіру арқылы әлеуметтік бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда тек жер учаскелерін алуға көмектесіп қана қоймай, жобалардың жартылай және толық қаржыландырылуына жол ашқанын айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды