ӘЛЕУЕТІ ӨТЕ ЖОҒАРЫ БОЛМАҚ

0 122

ЕАЭО аясында Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы әлеуеті өте жоғары. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов айтты.

«Қазақстан қазірдің өзінде көліктік қызмет саласында өте белсенді  қызмет атқарып келеді және біз үшін Кеден одағы елдерінің көлік инфрақұрылымына дендеп ену аса қажет. Бұл ретте Қазақстан біршама көліктік қызметтерді экспорттап отыр. Сәйкестендірілген  тарифтер осы сектордың дамуына септігін тигізеді», деді М. Мұқанов. Оның пайымдауынша, еліміздің көліктік әлеуетін ескерер болсақ, көліктік қызметтер маңызды саланың бірі болып табылатынын түсіну қиын емес.

«Екінші сектор – құрылыс саласы. Бұл бағытта да бізде белсенді жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан қаржы саласында да қызметтер экспорттай алады. Мамандардың зерттеуінше, қаржы саласындағы интеграция әзірге көңіл көншітерлік дәрежеде емес. Еліміздегі банктердің тек 19-ында ғана КО елдерінде еншілер ұйымдары бар. Сонымен қатар, Қазақстан соңғы кездері туристік қызмет секторын да белсенді түрде дамытып келеді. Сондай-ақ, кәсіби, іскерлік қызметтер саласы да бар. Қазақстан «2050-Стратегиясы» аясында осы секторларды да дамытуды көздеп отыр», – деп атап өтті М. Мұқанов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − five =