«ӘЛЕМНІҢ» ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

0 117

IMG_2858

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында «Astana Ballet» хореографиялық ұжымының репертуарындағы тұңғыш қойылым – «Әлем» атты бір актілі бірегей балеттің тұсаукесері өтті. Астана күні қарсаңында ұйымдастырылған айтулы шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

«Astana Ballet»– Елбасының ұсынысы бойын­ша 2012 жылы ашылған, халықтық және заманауи хорео­графияның классикалық дәс­түрлері мен ең соңғы үрдістерін шебер бі­ріктіре білген өнер ордасы.

– Бір актілі балетті сахналауға бір жылдай дайындалдық. Біздің идеяларымызды жүзеге асыратын өзіндік қолтаңбасы бар хореографты іздеу ұзаққа созылды. Көркемдік басшылықтың таңдауы қазіргі заманғы ең тартымды балетмейстерлердің бірі, мәскеулік хореограф Никита Дмитриевскийге түсті. Бізге қазақ халқының өзіндік ерекшелігін айқындайтын заманауи би тілімен тілдесу маңызды. Аталмыш қойы­лымда жанның пайда болуы, оның аспаннан жер бетіндегі өмірге дейін қилы жолы әсерлі суреттеледі. Өнер тілімен айтқанда, өзін-өзі танытып үлгермеген болмыс, сырт келбетін қалыптастыруға тырмысатын қуат көзі. Оның басты арманы – Махаббат отын тұтандыру. Ол– Әлем! – дейді «Astana Ballet» ұжымының атқарушы директоры Валерий Күзембаев.

Никита Дмитриевскийдің бұл хореографиясы өзекті әлемдік үрдістер және қазақ би мәдениетінің дәстүрлі әуенінің сезімтал синтезіне айналдыра білді. Мультимедия саласындағы ресейдің жетекші мамандарының бірі Леонид Басин спектакльдің бейнелік тұжырымын Қазақстанның бай мә­дениетінің ерекшеліктерін қаперге ала отырып жасаған. Әуенін этно-композитор Болат Ғафаров, либреттоны белгілі ақын Бақыт Қайырбеков жазған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + twenty =