©2020 Астана Ақшамы
Бейбітшілікке үндейтін «Әлемдік жүгіріс» халықарылық эстафетасының қатысушыларын елордалықтар «Студенттер» саябағында қарсы алды.
Осы уақытқа дейін бұл дүниежүзілік шараға алты миллионнан аса адам қатысыпты. Эстафетаның символы – алау 6 құрлықтың 140 елінде жалындаған.
Эстафетаның символы – алау 6 құрлықтың 140 елінде жалындаған. Қытайлық қатысушылар әлем алауын қазақстандықтарға 2 шілдеде Қорғас қаласында табыстаған болатын. Эстафета алауы Жаркент, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Семей, Екібастұз және Павлодар қалаларын түгел аралап келді. Әлемді достыққа, ынтымаққа шақыратын шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілуде.
«Бұл эстафетаның 25 жылдық тарихы бар. Төрт апта бойы жүгіріп келеміз. Алматы облысынан бастап Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар өңірлеріне табан тіредік. Барлығы жылыұшырай қарсы алып, қолдау көрсетуде» дейді желаяқтардың көшін бастаған команда капитаны Дәурен Оспанов отандастарына алғысын жаудырып.
Достық алауын үрлегендерді қарсы алған Астана жұртының арасында әлемге танымал марафоншы Марат Жыланбаев та бар. Оның айтуынша, «Әлемдік жүгірістің» жаһандық дәстүрге айналғанына ширек ғасыр болады.
Жалпы, марафон 34 күнге жалғасады деп күтілуде, команда күн сайын 200 қашықтықты бағындырады. Әрбір қатысушыға түсетін жүктеме күніне 15 және 40 шақырым құрайды. Қатысушылардың көбі ұзындығы 42 шақырым болатын классикалық марафонға бұған дейін қатысқан, бірақ эстафетаға алғаш рет қосылғандар да бар.
Айта кету керек, эстафета Астанадан кейін Көкшетау қаласына аялдайды. Одан әрі Омбы қаласына жол тартады.
Орынбек ӨТЕМҰРАТ