Әлемдік саммит Астанада өтеді

0 151

Бүкіләлемдік туристік ұйымның (ЮНВТО) қала туризмін дамытуға арналған халықаралық VIII саммиті 2019 жылы елордада өтетін болды. Бұл туралы Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан халықаралық форумда кезекті басқосу Астанада өтетіндігі ресми түрде жарияланды. Аталмыш жиынға қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған делегация қатысты.

Биылғы шараға әлемнің 57 елінен мыңдаған қатысушылар келген. Олардың қатарында Грекия және Моңғолия елдерінің туризм минис­трлері, Тайланд пен Малайзияның туризм жөніндегі вице-министрлері, Сеул, Куала-Лумпур, Париж және Ницца қалаларының вице-мэрлері, сондай-ақ академиялық топтардың және Google, MasterCard, Amadeus компанияларының өкілдері бар. Шара барысында БҰҰ қабылдаған HABITAT III New Urban Agenda стратегиясы аясында қалалық туризмді дамытудағы көкейкесті мәселелер көтерілген. Сонымен қатар қалалық туризмді дамытудағы инновациялық жаңа трендтер мен цифрлық технологиялар мүмкіндігі және туризм саласындағы бизнестің жаңа модельдерін трансформациялау жолдары кеңінен талқыға түсті. Мамандардың айтуынша, 2050 жылға қарай әлем елдерінің 70%-ы қала тұрғындары болмақ. Ал туризм өз кезегінде дүние­жүзілік ЖІӨ-нің 10%-дан астамын құрап, қазіргі заманғы жаһандық мәселелерді шешу мен қалалардың экономикалық дамуының негізгі драйверіне айналмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × three =