Әлемдік деңгейдегі колледж ашылмақ

0 112

Мемлекет басшысы ел үкіметіне Астана мен Алматыда әлемдік деңгейдегі екі колледж, сонымен қатар, Атырау, Өскемен, Екібастұз бен Шымкент қалаларында төрт өңіраралық орталық салу жөнінде тапсырма берген болатын.

Осыған байланысты елордада аталған оқу орнының құрылысы «Промышленный» тұрғын үй алабында 2014 жылы басталып, екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші нысан 2015 жылы қыркүйекте, ал, екіншісі 2017 жылы маусым айында тапсырылады. Салынатын ғимараттың аумағы 16,5 гектарды алады.
Әлемдік деңгейдегі колледжде «Туризм мен мейманхана ісі», «Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық», «Энергетика», «Инженерия», «Дизайн», «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» сияқты алты кәсіби мектеп жұмыс істейді.
Колледжде негізгі тіл – ағылшын тілі болып, 3 жыл бойы базалық техникалық мамандықтар бойынша 1530 студент білім алады деп жоспарланған. Сонымен қатар, қажетті біліктілікті арттыру курстары да ұйымдастырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + 18 =