Әлемдік челлендж Қазақстанға жетті

0 12

#JerusalemaDanceChallenge әлемдік челленджі жаңа форматқа ие болды. Қазақконцерттің әртістері бұл челленджді Иманбектің «Roses» (Imanbek Remix) хит әні негізінде жалғастырып, басқа өнер жұлдыздарына жолдады.Қазақконцерттің алматылық филиалы бастаған жаңа челлендж­ді елордалықтар жалғады. Әсерлі флешмобқа Жеңіс Сейдуллаұлы, Құрмаш Махан, Әміре, Салтанат Меңдіғалиева, Альфия Каримова, Әйгерім Алтынбек, Айна Қалмағамбетова, Дидар Әбдухалық, «Астана сазы» ансамблі, «Назар» тобы және «Астана Мюзикл» театрының әртістері қатысып, жаңа образдарымен көпшілікті таңғалдырды.
Қазақконцерт директоры Жеңіс Сейдуллаұлының айтуынша, көктемнің шуақты күнінде халықтың рухын көтеріп, еңсесін тіктеуге би тілі – таптырмас құрал. «Бұл жаңа челленджді Алтынбек Қоразбаев бастаған Қазақконцерттің алматылық филиалынан қабыл алдық. Баршаға позитив сыйлайтын жаңа форматтағы бастама. Ендігі кезекте бұл челленджді «Хабар» АҚ, Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік филармониясы мен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрына жолдаймыз» деді Ж.Сейдуллаұлы.
Жаңа форматтағы челлендж пандемия кезінде халыққа қолдау көрсетуге және көтеріңкі көңіл күй сыйлауға бағытталған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, #ImanbekDanceChallenge позитивке шақырады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × two =