«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Әлемдік бастамалар алаңы

0 157

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссияның хатшысы Ольга Альгаеровамен кездесті. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

 Мәртебелі мейман Астанаға трансшекаралық су арналары мен халық­аралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенция тараптары кеңесіне келген. Оның айтуынша, Астана алаңы жаһандық бастамаларды өте сәтті жүзеге асыруда. Мысалы, биыл жазда елордада Азиядағы, Орталық Азия аймағындағы ормандарды дамыту бойынша кеңес өткізілді.
Бақыт Сұлтанов өз сөзінде қаланың 2050 жылға арналған бас жоспары әзірленгенін тілге тиек етті. «Елбасының тікелей тапсырмасымен біз қаланың көпжылдық даму бағдарламасын әзірлеуге кірістік. Астана тек адамдарға ыңғайлы қала ғана болып қалмай, инновация мен жаңа ойлардың жүзеге асатын қаласы болуы тиіс» деді шаһар басшысы.
Кездесу соңында БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия хатшысы Ольга Альгаерова елорда әкімін ірі қалалар басшыларының Женевада өтетін Еуропалық экономикалық комиссияның кезекті кеңесіне қатысуға шақырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды