Әлемді тітіркендірген алапат

0 10

Бас шаһарда голландиялық суретші Николь Карстенстің 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йоркте болған қайғылы оқиғаны еске алуға арналған алғашқы жеке көрмесі ашылды.

Көрмеге әлемді тітіркендірген алапат оқиғаға дейінгі Нью-Йорктің деректі хроникасы ұсынылған. Бұл хроника қылқалам шеберінің Бүкіләлемдік сауда орталығында, оның бос кеңселерінде Нью-Йорк суретшілерінің студиялары тұрған кезде түсірген фотосуреттеріне негізделген. Суреттер алғаш рет Гаагада қайғылы оқиғадан бір жыл өткен соң көрсетілді.
Сондай-ақ Николь Карстенс стюардесса болған кезде түсірілген «Blue Notes from Thin Air» авторлық фотосуреттерімен толықтырылған. Олар әуе мамандарының күнделікті өмір шындығын әлемдік авиакомпаниялардың жарнамалық науқанының нәтижесіне қалыптасқан бұқаралық сананың стереотиптік бейнелерсіз көрсетеді.
Талантты шебердің Arte Povera стиліндегі кескіндеме, графика, авторлық полиграфия және инсталляция негізіндегі туындылары келушілерді Нью-Йорк қаласының тыныс-тіршілігімен жақын таныстырады. Суретші өз еңбектерінде тұрмыстық заттарды шебер пайдаланып, оған мүлде өзгеше реңк береді.
Көрме 11 қазанға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 2 =