Әлемді әбігерге салған дерт

0 52

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы былтыр 11 наурызда коронавирус инфекциясына байланысты әлемде пандемия жариялады. Сол кезде жер бетіндегі 114 елде 118 мың адам вирус жұқтырып үлгерген еді. Ал содан бері өткен 365 күннің ішінде жер шарының 118 млн тұрғыны дертке шалдықты. Аталған ұйымның мәліметтері бойынша індет тек келесі жылы ғана аяқталады. Дегенмен қазірден-ақ оны бақылауда ұстау мүмкіндігі туды. Оның басты құралы – вакцинация және адамдардың жауапкершілігі. Бірақ дүние жүзіндегі эпид­ахуал әлі де күрделі қалпында қалып отыр. Неміс ғалымдары Еуропада індеттің үшінші толқыны басталады деп санайды. Әсіресе, Германиядағы жағдай мәз емес. Ахуал бұдан да жаман асқынып кетпес үшін сарапшылар неғұрлым көп адамды вакцинациялау керектігін айтады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =