Әлем чемпионына грант бөлінеді

0 52

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бокстан жастар арасында әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбайға оқу гранты бөлінетінін мәлім етті.«Польшада бокстан жастар арасындағы өткен әлем чем­пионатында елордалық Санжар Тәшкенбай бірінші орынға ие болды. Санжар 11-сыныпта оқиды, мектептен кейін өмірін толықтай спортқа арнауды шешті. Санжарға жоғары оқу орнында оқуға грант бөлеміз, ақшалай сыйақы табыстадық. Жастар арасындағы бокстан әлем чемпионы ай сайын 170 мың теңге көлемінде материалдық көмек алады. Жаттықтырушының еңбегін де атап өттік.
Әр жеңістің артында жылдар бойғы жаттығулар, үлкен еңбек, ерік пен мінез тұр. Ең бастысы – әр адам өз күшіне сенуі керек. Жарыстар мен чемпионаттарда спортшылар еліміздің туын желбіретіп, Қазақстанның атынан шығады. Мыңдаған жанкүйерлер оларды қолдайды. Өз тарапымыздан спортпен айналысу үшін бұдан әрі де қолдау көрсетіп, жағдай жасайтын боламыз!
Бұған дейін жас спортшылар кездесу барысында алдағы уақытта да өз бағытын одан әрі дамытқысы келетіндерін айтты. Болашақ чемпиондарымызды қолдау үшін жаңа оқу жылынан бастап спорт саласы бойынша гранттар санын көбейттік.
Қазіргі спортшылар үшін ай сайынғы материалдық мазмұнның мөлшері ұлғайтылды. Ол соңғы 10 жыл өзгеріссіз болған еді. ҚР құрама командаларының құрамына кіретін және құрама сапында өнер көрсететін спортшыларға, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларының төлемдерінің артуы олардың өмір сүру жағдайларын жақсартады, оларды кәсіби деңгейде спортпен шұғылдануға одан әрі ынталандырады. Бұрын ай сайынғы төлемді ұлттық құрамаға кірген 84 спортшы ғана алды. Қазір олардың саны екі еседен астам өсті» деп жазды елорда әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + 15 =