Алдын алудың маңызы зор

0 66

Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы Нұрлан Қыдырбаев Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовтың қатысуымен ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-ші бабына сәйкес енгізілген ұсыныстар бойынша полиция департаментінің Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандық басқармаларымен кездесу өткізді.Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкеріне қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. ҚР ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидасына сәйкес кезекші бөлім қызметкері электрондық бекеттік ведомость жүргізу, жауынгерлік әзірлік, заңдылықты, құпиялылық режимін сақтау, қызметтік құпияны, нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындау қағидаттарын сақтау қажет. Бірақ, сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде басқармаға келушілер туралы ақпараттардың есеп журналына жазылмағандығы анықталды. Журналда қылмыстық процеске қатысушылар, олардың басқармаға келуі және шығуы туралы деректер толтырылмаған. Сонымен қатар, Сарыарқа аудандық полиция басқармасының лауазымды тұлғасына қатысты қысым көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілген.
Есіл аудандық басқармасының аға жедел уәкілі азаматтың сауалына, алдағы іс-әрекеттеріне қатысты нақты кеңес бермеген. Осылайша қоғамның ішкі істер органдарына сенімін жоғалтуына байланысты Есіл аудандық полиция басқармасының аға жедел уәкілін тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен полиция департаменті басшылығына аудандық басқармалардың жеке құрамымен аталған ұсынымды қарастырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды қолдану ұсынылды.
Кездесу соңында, Нұрлан Қыдырбаев қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін бірінші басшылардың жауапкершілігін атап өтті. Сонымен қатар, ҚР заңнамалық актілеріне енгізілген жаңалықтарды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі бағыттар мен құндылықтарды түсіндірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 − 5 =