АЛДАҒЫ МІНДЕТ – АУҚЫМДЫ

0 120

chemicals

Елбасы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқталып, әсіресе, білім және ғылым саласындағы жаңғыртуларға көбірек көңіл бөліп келеді.

Биылғы «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басты ерекшелігі, Елбасының өзі айтқандай, Қазақстанның отыз дамыған елдің қатарына ену жолдары осы құжатта қамтылып, бағыттары нақтыланып, айқындалып отыр. Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Бұл ретте еліміздің экономикасын жүйелі дамытып, ғылым мен өндірістің бірігуін, содан кейін озық техника мен технологияларды үздіксіз жетілдіріп отыру мәселелері көп айтылды. Құрылғанына он жылдан асқан біздің Д.Қонаев атындағы университет колледжінің педагогикалық ұжымы бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Есеп және аудит, құқықтану, аударма ісі, туризм, қонақ үй шаруашылығын ұйымдастыру және қызмет көрсету, есептеу техникасы мен бағдарламамен қамтамасыз ету мамандықтары бойынша дәріс алуға мүмкіндік алған жастар еліміздің ертеңі білім мен ғылымда екенін жақсы түсінеді. Аталмыш білім мекемесінде бірнеше ғылыми конференция, семинар мен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде көптеген мақалалар жарияланды.

Біздің елде білім беру саласына айрықша назар аударылып келеді. Расында да, білім мен ғылымды дамытпайынша, адам капиталын дамыта алмайтынымыз белгілі. Әсіресе, Елбасы айтқан дамыған отыз елдің қатарына қосылудың өзі білім, ғылымсыз мүмкін емес. Білім беру мекемесіндегі ұстаздар колледжіміздің оқушыларына осыны түсіндіріп, олардың сапалы білім, саналы тәрбие алуларына барынша жағдай жасауда.

«Жиырма бірінші ғасырдағы дамыған ел дегеніміз белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»  екенін ескере келе, Мемлекет басшысы барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі барын, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атап көрсетті. Сонымен бірге, таяудағы екі- үш жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыруды, келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыруды тапсырды. Кәсіптік білім берудің жоғары, тиімді ұлттық жүйесін қалыптастыру ел экономикасының қарқынды дамуының негізгі факторы екенін ескерсек, бүгінгі таңда елімізде жастардың жұмыспен қамтылуына барлық жағдай жасалып отыр. Осыған орай, білім берудің жаңа мазмұнын оқу үрдісіне енгізуде біз де әртүрлі әдіс-тәсілдермен жұмыс жүргізудеміз.

Біздің алдымызда тұрған міндеттер аса ауқымды. Демек, әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында қоғам бізден бәсекеге қабілеттілікті, шығармашылықты, құзіреттілікті талап етеді. Ол үшін ұстаздар қауымы талмай, жан-жақты ізденіп отыруы қажет. Сонда ғана біз өз Отанын сүйетін, мақтаныш ететін, елін, жерін қастерлейтін, бәсекеге қабілетті, құзіретті, білімді ұрпақты үлкен өмірге сеніммен аттандыра аламыз.

Сейілхан ТОЛҚЫМБЕКОВ,

Д.Қонаев атындағы университет колледжінің бас директоры

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 6 =