Алдағы мақсаттарды айқындады

0 70

Тәуелсіздік алған уақыттан бергі кезең ішінде еліміздің ғасырға татырлық даму жолынан өтіп, орасан жетістіктерге қол жеткізгендігін бүкіл халық, көршілес мемлекеттер, халықаралық ұйымдар мойындап, әділ бағасын беруде. Әйтсе де, алдағы уақытта алатын асуларымыз бұдан да жоғары болмақ. Елбасының бұл жолғы Жолдауы мазмұны жағынан да, құрылымы жағынан да, баяндалуы жағынан да осыған дейінгі Жолдаулардың жылдан-жылға ұласқан жалғасы бола тұра, көптеген күрделі мәселелерге, құбылыстарға, әсіресе, елдің болашағына қарата мүлдем бөлек, тың, ерекше көзқарас ұсынған жаңа жоба болды. Жинақтап айтқанда, Жолдаудың осы сипаттарын ашатын ірі-ірі түйіндерді  былайша топтастыруға болады: Біріншіден, өткен кезеңге, дәлірек айтқанда, «Қазақстан-2030» Стратегиясының орындалуына жан-жақты талдау жасалып, оның жетістіктерін алдағы кезеңдердегі даму жолдары мен шаралар барысында біліктілікпен пайдалана білуге назар аударылды. 

Екіншіден, экономика жетіс­тік­терін мемлекетіміздің, халқы­мыз­дың­ тұрмыс деңгейін, әлеуетін, өмір сапасын жаңа дәрежеге көтеріп, әлемдегі ең мықты, ауқат­ты­ мемлекеттер қатарына енуге бар­ күшімізді салуға шақырды.

Үшіншіден, алдағы қырық жыл­­ кө­ле­мінде Қазақстан ішкі-сырт­қы­ саясатында қандай салалық жаңғыр­ту­­лар­дан өтуі қажет екені, әрі оны мемлекетіміздің нығаюы мен халық­­ара­­лық дәрежедегі беделін көтеруге жұмылдырудың жаңа жолдары мен жобалары айтылды.
Төртіншіден, ХХІ ғасырдағы жаһандық өзгерістер мен құбы­лыс­тар Қазақстан дамуына қандай ықпал етуі мүмкін, әрі оның қауіп-қатерлерін қалай ескеру қажет­ті­гі­не­ тоқталады.

Бесіншіден, таяу жылдарда­ көп салалы рухани-мәдени, демо­­кра­тия­лық реформалар жүргізу арқылы озық өркениет жетіс­тік­те­ріне сай, кез келген адам еркін өмір сүре алатын ашық, жаңашыл Қазақ мемлекетін тұрақ­тан­ды­ратын «Мәңгілік ел» болып қалып­та­са­тын арманды жүзеге асыру­ға тұңғыш рет осылай пәрмен беріл­ді.

Мемлекет басшысы бұл маңызды құжатта қазақстандықтарды патрио­­тизмді дамытуға, насихат­тау­ға, ұлта­ра­лық татулықты сақ­тауға атса­лы­суға шақырды. «Қазақ­станның болашағы – қазақ тілін­де» екенін тағы атап өтті. Сонымен қатар, ал­да­ғы уақытта мемле­кет­тік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру жалғаса беретінін жеткізді. Ал, ең басты жаңалық – 2025 жылы әліпбиіміз латын әрпіне көшетін болды. Қазіргі таңда қазақ тілін дамы­туға барлық жағдай жасалып келеді. 2025 жылға қарай қазақ тілі кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатындығы, ол үшін істі алдымен өзімізден бас­тауы­­мыз­ ке­рек­тігін Елбасымыз баса айтты.

Гүлжан Ақылбекова,
Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жетекші ғылыми қызметкері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 5 =