©2020 Астана Ақшамы
Алда плей-офф
Үлкен теннистен Федерация кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жалғыз жолдаманы сарапқа салған жарыстың финалдық ойынында өзбекстандық Нигина Абдураимовамен кортқа шыққан жерлесіміз Ксения Первак өз мүмкіндігін мүлт жібермей, жеңіске жетті.
Азия және мұхиттар аймағынан жеті мемлекет бақ сынаған сайыстың финалдық кезеңінде қазақстандық теннисші қыздар Өзбекстан аруларына қарсы өнер көрсетті. Осы кездесу барысында біздің Ксения Первак өзбекстандық теннисші Нигина Абдураимовамен ракетка қағыстырған. Бірінші сеттегі кездесу қазақстандық спортшы қызға табыс әкелген болатын. Өзіне нық сенімді Первак екінші кезеңде де белсенділік танытып, есепті 6:0-ге жеткізді. Екі сетте де артта қалып келе жатқан Абдураимова осы жерде ес жиды. Ксенияның қимылы қарсыласына қарағанда ширай түсіп, есеп қысқартып үлгерді. Үзілістен соң, кортқа қайта оралған біздің Ксения кездесудің үшінші бөлігінде айқын басымдылық танытып, Қазақстан құрамасына Федерация кубогын сыйға тартты.
Ербол ЖАНАТ