Алаяқ алыстан несие рәсімдеген

0 13

Полиция қызметкерлері ұзақ уақыт бойы елорда тұрғындарына интернет-ресурс арқылы онлайн несие рәсімдеп жүрген 40 жастағы азаматты ұстады.

Алаяқ жалған жолмен қаржы ұйым­дарынан елорда тұрғындарының жеке мәліметтерін алып, онлайн қарыз рәсімдеп отырған. Ол жеке мәліметтерді пайдалана отырып зардап шеккендердің тіркеу жазбасына қол жеткізіп, кейін несие ретінде түскен ақшаны виртуалды карта және электронды әмиян арқылы шығарып алып отыр­ған. Осылайша тұрғындардың атына өздері білмеген несие тіркеле берген. Қазіргі уақытта алаяқтың әрекетінен 50-ге жуық тұрғынның зардап шеккені анықталды. Полиция қызметкерлері тергеу барысында оның IP-мекенжайын анықтап, тұтқындады. Қылмыскер тергеу изоляторына жабылды. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы (ақпараттық жүйені пайдаланушыға қатысты алаяқ­тық) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тұлға алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған. Соңғы рет ол екі жыл бұрын қамауға алынып, екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + sixteen =