«Алашорда – бойымды түзейтін тарихи айнам»

0 120

Жақында «Фейсбук»­ желісінде Елдес­ Ордалаш­ есімді азамат­ Қазақ мемлекетін одан әрі біріктіретін ортақ фактор керек­ екенін айтып, пікірталас ұйымдастырды. Түркия елінде білім алып жатқан қандасымызды әлеуметтік желі арқылы біз де әңгімеге тартқан едік. 

– Түркияда магистратурада бі­лім­­ алып жатырсың, ондағы оқу жүйе­сін біздікімен салыстыруға ке­ле ме?
– Мен тарих мамандығына түстім. Бұйыртса, келер жылы бастаймын. Сіздердегі жаңа жүйені біле алмадым, бірақ біздің елдегі оқуға ұқсамайды екен.
– Оқу бағдарламасында не өт­тің­­дер?
– Бір жыл тіл үйрену (түрікше) курсынан өтеміз.

– Түркияда магистратурада оқып­­­ жатқан жастар оқудың киын ек­е­нін айтады. Тіпті, кейбір қа­зақ­ жастарының бітіре алмай тас­тап­ кетіп жатқаны шындық па?
– Ол рас болуы да мүмкін. Бірақ бәрі азаматтың өзін қамшылауына байланысты. «Қиын іс жоқ жа­һан­да, ықылас қойған адамға» деп­ Аб­ай­ ата­мыз­дың өзі айтқан жоқ­ па?!

– Университетке қалай түстің?
– Мен «Türkiye bursları», яғни Түркияның мемлекеттік грантымен тарих мамандығы бойынша Кония қаласында оқып жатырмын. Осы бағдарлама бойынша бір жыл тіл үйренудемін. Алдағы тамыз ай­ын­да тапсыратын емтиханнан сү­рін­бе­сем,­ мамандығымды одан әрі тегін жал­ғас­ты­рамын. Егер сүрінсем, салмақ өз қалтама түседі.

– Қазақ мемлекетін біріктіретін ортақ фактор туралы не айтасың?
– Ұлттық идеология деп ойлаймын. Бәрімізге ортақ фактор – сол. Барлық қазақтарды біріктіретін идея­лық­ күш – тіл, дін, ұлттық салт-дәс­түр­ һәм Алаш идеясы.

– Ондағы қазақтар Қазақ­стан­ның­ мә­се­ле­сі­не қан­ша­лық­ты на­зар­­ ау­да­ра­ды?
– Түркиялық қазақтар бұған дейін бұрынғы көшіп кеткен ата қонысы қазіргі Қытайдағы Шыңжаң өлкесіне баса назар аударған. Алайда Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін, 1990 жылдан бері тәуелсіз қазақ еліне назар аударып, елдегі болып жатқан кез келген мәселеге алаңдаушылық білдіреді.

– Қазақтар жиі бас қоса ма?
– Бір-бірінің жай-күйін білу үшін жиі бас қосады. Сондықтан болар­ жергілікті халық қазақтарды ұлтжанды деп бағалайды.

– Кония – тарихи қала. Ондағы тарихи ескерткіштерге көңіл бө­лу­ жа­ғы­ калай? Жергілікті жастар­ өз мәдениетін қаншалықты баға­лай­ды?
– Кония – Селжұқ мемлекетінің астанасы болған жер. Сондықтан рухани астана саналады. Стамбул мен Анкарадан айырмашылығы жер мен көктей. Тарихи ескерткіштерге мемлекет тарапынан көп көңіл бөлі­не­ді. Жастар тарихи орындар мен көне жәдігерлерге отаншылдық сезіммен қарайды және құрмет­тей­ді. Түрік жастары патриот келе­ді­ екен. Кониялықтардың басқа тұр­ғын­дар­дан­ ер­ек­ше­лі­гі сол, ис­лам­ мәдениетінің айналасына топ­тас­қан.­

– Қалада қанша қазақ отбасы бар?­
– Түркияға алғаш қоныс тепкен қазақтар ауылдық елді мекендерге орналасқан екен. Олар – Кония, Ақшехир, Нидедегі ауылдар және Измирдегі елді мекендер. Осыдан 20-30 жыл бұрын бәрі дерліктей ауылды тастап, үлкені бар, кішісі бар Стамбулдың Зәйтүнбұрын, Гү­неш­ли­ және Сефакөйiнен жер алып, сол жерге «Қазақкентін» салыпты. Ал көшпей қалған кісілер шағын ауыл­дар­да тұрады, соның ішінде саны жағынан ең көбі Нидедегі Алтай ауылы. Онда шамамен қырықтай отбасы бар. Ал, Кония қаласында бі­рер отбасы болмаса негізінен жоқ де­се де болады.

– Студенттер көп пе?
– Қазақстан мен Моңғолиядан келген сексендей студент бар екенін білемін. Түрлі мамандық бойынша білім алып жатыр. Арасында докторантурада, магистратурада және университет қабырғасында оқып жатқандары да бар.

– Жалпы Түркиядағы қазақтар атамекенге көшкісі келе ме?
– Түркия қазақтары көшкісі келеді деп айта алмаймын. Бірақ, қазақ болып қалғысы келетіндер көшкісі келеді. Түркия қазақтарының Қа­зақ­­стан туралы білетіні көп, кө­бі­­сі­ барып та келген. Қазақстанда қа­лып­ қал­ғаны да жетерлік. Ең бас­ты­сы, ұрпақтарында қазақ және қа­зақ­ мемлекеті деген түсінік бар. Түр­кия­да­ғы қазақтарды өзім іштей үш топ­қа бөлемін. Ең алғашқысы, елді осы мемлекетке көшіріп әкелген тұл­ға­лар. Олар Құсайын Тайжы, Қа­ра­мол­ла Оқыр, Қалибек Хакым, т.б. айта берсеңіз көп. Осы кісілер Пә­кіс­тан­да­ғы бүтін қазақты шашауын шығармай аман-есен Түрік еліне көшірген. Бұл кісілер Түркия қазақтарының алғашқы өкілдері саналады. Жанарынан от, жүздерінен нұры таймаған ұмытылмас тұлғалар.

Екінші топ өкілдері 1950 жылдары Пәкістанда немесе Түркияға кел­геннен кейін өмірге келген кі­сі­лер. Бұл буын өкілдері Түркияда те­рі өнеркәсібін жандандырған. Қа­зір бұл кісілердің алды алпысты ал­қым­дап қалды. Қазақ тіліне судай, мү­дір­мей ағып тұр. Араларында про­фес­сор­лар, кәнігі мамандар бар.

Үшінші топ, 50 жастан төменгі кі­сі­лердің Түркияда туған ұрпақтары. Осы үшінші буын өкілдері қазақ тілінен мүлдем қол үзе бастады. Зәй­түн­бұрын, Гүнешли және Се­фа­көй­дегі қазақ отбасылары­на­ бар­ға­ным­да ол кісілердің қазақша аман-саулықтан аса алмайтындықтарын байқадым. Бір отбасында көнекөз кісі болса аздап қазақша түсінеді.

– Көшкісі келмейтіндерді тү­сі­ну­ге болатын шығар…
– Басқа елдердегідей емес, Түр­кия­да­ғы қазақтарға көптеген жеңіл-­дік­тер, орайлар бар. Сондықтан көш­у­ге себеп болатын сыртқы фактор жоқ.

– Өзіңнің тарихқа қызығу­шы­лы­ғы­ңа не себеп?
– Мен Түркияға шынымды айт­сам­ қазақ елі үшін кеттім. Алладан сұрағаным осы еді. Әрбір ұлттық мемлекет өзінің шынайы тарихына қарап бойын түзейді. Осы елден ғылым-білім үйреніп, ат басын қазақ еліне бұрсам деймін. Бізді шет елге қанат қақтырған күш Отан мен ұлтымызға деген сүйіспеншіліктен туған. Мен алдағы уақытта қазақ елі­нің ұлттық мәртебесін көтеруге титтей де болса өз үлесімді қосу үшін мық­ты маман болғым келеді. Алаш­ор­да – менің бойымды түзейтін тарихи айнам! Тарихқа кішкене кезімнен қызығамын. Сонымен қатар, географияны ұнатамын. Қа­зақ­ елінің Астанадан бастап, елдегі бар­лық қалалар мен облыстар жай­ын­да, олардың географиялық ер­ек­ше­ліктері туралы жақсы біліп алдым.

– Өзің Қытайдың қай өңірінде тудың?
– Тарбағатай аймағы. Бұл аймақ Алтай, Іле деп Қазақ облысына қарайды. 1963 жылы бұл аймақтан жиырма мыңнан астам қазақ елге ауған. Солардың ішінде бірталайы белгілі ғалым, тарихшы боп Қазақ елінде жұмыс атқарады. 1989 жылы біздің аймаққа Қазақстаннан келген кісі маған Елдес деп ат беріпті. Екі елдің қазақтары дос болсын деп қойған екен.

– Тіл үйренуден өзге қандай қосымша жұмыстармен айна­лы­са­сың?
– Түркия Осыманлы заманынан­ бас­тап қазірге дейін әлемнің өр­ке­ние­ті­не қатты ықпал еткен­ ис­лам­ның орталығы болған жер. Көп­те­ген­ білім, мәдениет ошақтары бой көтерген. Сонымен қатар бұл жерде Осыманлы заманындағы дерегі ашыл­­маған тарихи құжаттар, Қазақ та­ри­хына және Қазақ хандығы, тіп­тен Алтынорда туралы сырлы да­ жарқ етер деректер баршылық. Ен­дігі мақсат – оны ашу, ондағы тың де­рек­тер­ге тарихи талдау жүргізу. Ор­та Азия мен Қазақ хандығы ту­ра­­лы­­ тың деректерді елге жеткізе білу ке­рек деп ойлаймын.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + 8 =