АЛАШ АЙБЫНЫ – АСТАНА

0 162

Елорда әкімдігі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап 60-тан аса шара дайындап жатыр, деп хабарлайды astana.gov.kz.

????????????????????????????????????

Мерекелік шараларға қатысуға педагогтарға, дәрігерлерге, спортшы­ларға, құрылысшыларға, кәсіпкерлерге, студенттерге, көп балалы аналарға және еңбек ұжымдарына, жас рес­публиканың дамуына елеулі үлес қос­қан, Қазақстанды шетелге танытқан азаматтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған көрмелер мен кон­церттерді тамашалай алады.
Атап айтқанда, 13 желтоқсанда Оқушылар сарайында (Б.Момышұлы даңғылы) «Мәңгілік ел – қуатты Қа­зақстан» мерекелік концерті өтеді; 22 желтоқсанда Ақбұлақ өзенінің жағалауында және «Жерұйық» сая­бағында «Мұз үстіндегі қала» мұз қала­шықтары, мектептердің аумақ­та­рында хоккей корттары ашылады; желтоқсанның 10-ынан 12-сіне дейін Алматы ауданының тұрғын алаптарында «Астана шаттық» автокеруені Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді; 23 желтоқсанда «Қазақстан» спорт сарайында жетім балалар мен әлеуметтік жағынан аз қам­тылған отбасылардан шыққан жеткіншектер үшін тегін мұзда коньки тебу шарасы ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, зейнеткерлер, көп балалы және тұрмысы төмен азаматтар 18, 19, 24, 25, 26 қараша күндері М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында және 29 қарашаға дейін Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында қойылымдарды тегін тамашалайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + ten =