Аланиядағы Абай ескерткіші

0 35

Түркияның Алания қаласындағы саябаққа қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының есімі беріліп, ескерткіші бой көтерді.Абайдың 175 жылдығына орайластырылған шараны Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Анталиядағы консулдығы, Алания муниципалитеті мен қаладағы қазақстандықтар қауымдастығы ұйымдастырып, өткізді. Салтанатты рәсімге еліміздің Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Алания муниципалитетінің басшысы Адем Мурат Южел, Қазақстанның Анталиядағы консулы Мәулен Ыбырайқұлов, Қазақстанның Аланиядағы құрметті консулы Ахмет Джебежи, қала тұрғындары және қонақтары қатысты.
Өз кезегінде жүрекжарды тілектерін білдірген Адем Мурат Южел: «Қала орталығындағы саябаққа Абай Құнанбайұлы есімінің берілуі – қазақ және түрік халықтарының рухани әрі мәдени жақындығының кезекті дәлелі» дей келе, қазақтың ұлы ойшылының есімі Алания тарихында мәңгі сақталатынына назар аударды.
Ашылу салтанаты Анталия, Алания қалаларында тұратын отандастарымыздың ұйымдастыр­ған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Алания саябағында бой көтерген ақын ескерткішінің авторы – Нұрлан Ахметов. Аталмыш шара 2020 жылға жоспарланған. Дегенмен COVID-19 пандемиясы салдарына

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen + eight =