Алаңдар жаңартылды

0 7

Есіл ауданында биыл ескі алаңдарды жаңарту, қоқыс орындарын тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жақында жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайтын екі алаң қайта жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. 

Тұрғын үйлер арасына орналасқан бұл алаңдар «Астана триумфы», «Триум­фал» деп аталады. Тұрғындардың өтініші бойынша жөндеуден өткен бұл алаңдарда тұрғындардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар, жасылдандыру жұмыстары да жүргізілген.

Қоқыс мәселесі – қала ортасын жақсартудағы басты тақырыптардың бірі. Жиналған қоқысты уағында тазалап тұру үшін бұл аудан қоқыс алаңдарына жаңадан 26 контейнер қойды. Бұл контейнерлер де алаңның эстетикалық көркемдігін арттыруға көмектеседі.

Айта кетейік, келер жылдан бастап Есіл ауданында барлық қоқыс алаңдарындағы қоқыс контейнерлері «Молок» жерасты контейнерлеріне ауыстырылады.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 − 5 =