Алаңда әуесқой хоккейшілер

0 101

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы өткен жылы әуесқой хоккейшілер командалары арасында елорданың ашық чемпионатын өткізуді бастаған болатын. Биыл сол игі дәстүр жалғасын табатын болады. Алғашқы чемпионатта 10 команда сайысқа түскен болса, биыл олардың қатары 13 командаға жетіп отыр.

Өткен сенбі күні Астана қаласының екінші чемпионаты салтанатты жағдайда ашылды. Биылғы жарыстың бір ерекшелігі чемпионатқа басқа қалалардың командалары қатысуға мүмкіндік алып отыр. Сондай-ақ, жарыс жастар және ардагерлер арасында бөлініп, екі біріншіліктен өтеді. Атап айтқанда, жастар тобында Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Президенттің күзет қызметі мен ҰҚК біріккен «Қалқан» құрамасы, «Қазмұнай» ұлттық компаниясының «Арлан», Алматы, Қарағанды және Рудный қалаларының  әуесқойлар командалары өнер көрсетеді. Ал, ардагерлер тобында ҚР Премьер-министрінің «Легион-Целинный», «Қалқан», «Барс-Фанс», Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Алматы және  Рудный қалаларының командалары сайысқа түседі.

Әуесқойлар арасындағы Астана чемпионатын «Жігер» спорт клубы МКҚК мен Астана қаласының хоккей жанкүйерлері лигасы өткізеді. Ойындар «Барыс» спорт кешенінде өтетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + 7 =