АЛАҒАН ҚОЛЫМ – БЕРЕГЕН

0 241

Қазір халық екі топқа бөлінетін сияқты. Бі­рі – неше жылдан бері кре­дит төлеп жүр­ген­дер, екінші то­бы­ – кредит алғысы келіп, алаң­дап­ жүр­гендер. Білгеннің артығы жоқ де­сеңіз, осы екі топтағыларға да ай­тар кеңесіміз бар. 

Ең көп таралған несие, кепілзат­сыз бері­ле­тін­ 3 млн теңгенің көле­мін­де есептеп көрелік. Әр банктің не­сие­ні­ ұйым­дас­тыр­ға­ны­ үшін ала­­­­тын­­ ақы­сы­ бо­ла­ды.­ Мы­сал ­үшін,­­ комиссия 6%­ делік. Сонда 3 млн­ теңгеден 180 мыңды бір­­­­­ден­ ұс­­­тап­ қа­ла­ды.­ Яғ­ни,­­ қо­лы­ңыз­ға­ 2 млн­­­­ 820­ мың­ тең­ге­ ала­сыз.­ Шарт­ты ­түр­де­ жыл­­­дық­­ 20,5­ пай­ы­зы­ деп­­ алып,­ не­сие­ні­ 5 жыл­­ға бө­­­ліп­ төлей­тін­ бо­ла­йық.­ Сон­да­ сіз­дің­ ай­ са­­­йын төлейтін ақшаңыз 80 мың 772 тең­гені құ­­райды. Егер мұны 60 айға (бес жылға) кө­­бейт­­сек, 1 846 320 теңге шығады. Бұл – ал­ған кредитіңіздің пайызы ғана. Енді бұ­ған алғашқы рет ұстап қалған 6%-дық ко­мис­сия­ны – 180 000 теңгені қоссаңыз, 2 026 320 теңге шыға­ды. Банктен алған үш млн тең­ге­ге қал­та­­ңыздан қосып беретін қаражат осы­лайша шарықтап кетеді.

Бұған әр банктің алып-қосары бар.­­ Кредит­тік­ әпса­наның пәктігі, зейнета­қы­ңыз­дың кре­дит­­ ал­ған­ банк­тің­ жи­нақ­тау­шы­ зей­нет­ақы­ қо­рын­да­ бо­луы­ та­ғы­ бас­қа­ла­ры­ қо­сым­ша­ па­­йыз­ды­ шеге­р­уі­ мүм­кін. Бірақ, бұдан ай­тар­лық­тай жеңілдік бола бермейді.

Міне, үш миллиондық теңге­нің қарапайым есебі. Бұл ретте «сақ­тан­дыру» сомасын, не­сиені қолма-қол ақшаға ауыс­тырғаны үшін, не­­сие­лік шот жүргізу үшін алатын­­ комис­сия­­ны­ есеп­теп­ отыр­ған­ жоқ­пыз.­ Мұ­ның­ па­­йы­зын­ әр­ банк­ өзі­нің­ қал­-қа­ді­рін­ше­ қоя­ды.­ Бі­рақ,­ оны несие алушы білуі керек. Банкке төлейтін қаражатыңыздың көлемі осын­шама комиссиялардың есе­бінен шарық­тап­ кетуі мүм­кін.

Сол себепті несие аларда ерінбей, әр банк­­­тің­ ме­не­дже­рі­не­ жо­лы­ғып,­ есеп­те­тіп­ ал­­ған­ дұ­рыс.­ Кейбіреулер банк агентіне, одан қалды «несие­ алу­­ға көмектесетіндердің» қарма­ғы­на түсіп қалады. Соң­ғысы алдын ала ақшаңызды алып, ізім-қайым жоғалып ке­теді. Екі-үш ап­та өткен жар­намалық га­зет­­ті алып хабарласып көріңізші, көп те­­ле­­фондар өшірілген. Ондайда амал жоқ, құ­қық­ қор­ғау органда­рына жү­гі­не­сіз.­ Алаяқ­тарды анықтаудың тағы бір ама­лы бар. «Несиелік тарихым нашар еді, екі-үш мәрте кешіктіріп төлеп, банкке кінәлі болғанмын» деп, одан қалды жалақыңыздың мөл­­шерін кемітіп тағы басқа да ке­дер­­­­гілерді айтып, көмек сұраңыз. Олар ойланбастан көмектесеміз де­­се,­ онда алдамшылардан болғаны. Ал делдалдар ал­ды­мен несиелік та­­ри­хыңыздың «таза» болуын та­лап етсе, онда банк агенттері. Олар­ға сенуге болады. Алайда, ал­ған ақшаңыздың біраз пайызын қолына санап беретініңізді есіңіз­ден шығармаңыз. Несие алмас бұ­рын аяқ жететін жердегі барлық банк­тердің ме­нед­жерлерімен кез­де­сіп, ақысыз кеңесін ал­­са­ңыз, қа­­те­­леспейсіз.

Әрине, несіне несие ал­ды­ңыз дей алмай­мыз. Қара­жаттың қажет­тігі қысқанда, амалсыз­ банк­ке жүгіре­ті­німіз белгілі. Ондайда құжат тү­­ген­­деп жатқымыз да кел­мейді. Адамның бұл қа­сие­тін қаржының құ­лағында отырғандар да жақсы тү­сінген. Көптеген банктердің «қош келдің!» деп, қолыңа сұра­ған­ ақшаны ұстата салатыны да сон­дықтан. Ал, қажет құжатты ен­ті­гіңізді басып, материалдық мә­се­леңізді ше­шіп алғаннан кейін ақы­­рын­­дап­ сұ­ра­та­ бас­тай­ды.­ Кей­­­бір­ банк­тер­ асы­ғыс­та­ ал­ған­ «қым­бат­қа­ түс­кен»­ кре­диті­ңіз­ді­ қар­­­жы­ландыруға да­йын. Оны «қай­та қаржыландыру» деп атай­ды. Әле­ует­ті клиенттерді өзіне тартуға ба­­ғытталған мұндай қызметтің ұтым­ды тұс­та­ры жоқ емес. Сіз қымбат несиеңізді жа­уып­ тас­тап, одан әрі сол несиені анағұрлым азы­рақ тө­леуге мүмкіндігіңіз болады. Себе­бі,­ қайта қаржыландырудың мақсаты – бі­реу­ ғана. Несиелеу шартын жеңілдету – пайыз­дық­ көрсеткіштерін қысқарту арқылы клиент­тер­дің­ ауыртпашылығын жеңілдету.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + five =