Әл-Фараби әлемімен қауышу

0 58

Әлемнің «екінші ұстазы» атанған Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық мерейтойы аясында елордадағы ұлы ғалымның есімі берілген Оқушылар сарайында «әл-Фараби әлемі» оқу-тәрбие орталығы ашылды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында ашылған орталықтың мақсаты – ғибратты ғалымның шығармашылық мұрасын зерделеп, ұрпақ санасына сіңіру. Енді осы оқу-тәрбие орталығында ойшыл тұлғаның сан түрлі қырын анықтайтын «әл-Фараби және ғылым», «әл-Фараби және грек ойшылдары», «әл-Фараби және өнер», «әл-Фараби және тәрбие», «әл-Фараби және поэзия», «әл-Фараби және шешендік өнер» бөлімдері жұмыс істейді.
– Бұл бағыттар бойынша оқушылар ғалымның медицина, астрономия, математика, геометрия, логика, философия саласындағы еңбектерін жинақтап, ізденеді. Алдағы уақытта әл-Фараби туралы деректі фильмдер, танымдық дүниелер дайындап, оның өмір сүрген кезеңіне қатысты тың деректерді осы орталыққа топтастырып, ғұламаның қалдырған мол мұрасын насихаттау жұмысын жалғастырамыз, – деді әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.
Сондай-ақ игілікті шара аясында ұлы философтың бюсті қойылып, Оқушылар сарайының аспаптық музыка бөлімінің оқытушылары белгілі композитор Кенжебек Күмісбековтің «Фараби сазы» туындысын орындады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =