Акция! «Тіл жанашыры – тірегіміз!»

0 90

Елжанды, өз тілін құрметтейтін азаматтар! \

Мемлекеттік тілдің мерейін өсіріп, ана тілінде газет оқитын сауатты қазақтың санын арттыруға үлес қосуға шақырамыз!
Сіздердің демеулеріңіздің арқасында «Астана ақшамы» газеті тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардың, жалғызілікті жандардың қолына тиеді.
Газетке жазылу түбіртектерін оқырман қолына ай сайын ұйымдастырылатын «Тіл жанашыры – тірегіміз» арнайы концерт-акциясында өз қолыңызбен табыстайсыз.

Ербол
ТІЛЕШОВ, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

– Біздің ұжымда қызметкерлердің барлығы бірдей «Астана ақшамы» газетін жаздыртып алуды әуелден дәстүрге айналдырған. Одан басқармаға қарасты «Зерде», «Руханият» орталықтары да тыс қалмай келеді. Сонымен қатар, биыл қарапайым тіл жанашыры ретінде өз қаражатымнан отыз шақты зиялы қауым өкілдері мен ардагерлерді бір жылға жаздыруды мойныма алмақшымын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + 11 =