Әкімнің жұмысына оң баға берді

0 15

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады. еlbasy.kz сайты хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы ­жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және ­қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді.

Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы, сондай-ақ аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар туралы баяндады. Тұңғыш Президент өңір басшылығының жұмысына оң баға берді.
Кездесуден кейін Елбасы «Әлжан ана» тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ ауылдағы мәдениет үйіне барды. Бұл мәдениет үйінде кітапхана және түрлі үйірмелер жұмыс істейді, 250 орындық концерт залы бар. Н.Назарбаев Жамбыл облыстық филармониясының әртістері мен аудандық мәдениет үйі­нің шәкірттері орындаған музыкалық шығармаларды тыңдады.
Сонымен қатар Тұңғыш Президент спорттық-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты. Аталған кешенде ауқымды арена, әмбебап зал және күрес пен боксқа арналған зал бар. Бүгінде спорттық-сауықтыру кешенінде төрт жүзден астам бала мен жеткіншек спорттың еркін күрес, тхэквондо, каратэ, волейбол, футбол, бокс сынды алты түрі бойынша жаттығады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 2 =