Әкімнің онлайн қабылдауы

0 35

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 10-нан астам адамды онлайн қабылдады. Қала басшысы өзінің Instagram желісінде онлайн-қабылдаулар апта сайын өтетінін еске салды.

Әкімнің айтуынша тұрғындар көбінесе медициналық көмек алу, білім алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша жөн сұрайды.
«Мемлекет басшысы халықтың өмір сүру сапасын арттырудың басты шарттарының бірі халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету екенін атап өтті. Біз бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Өткен жылы қазақстандық тұрғын үй компаниясымен бірлесіп іске қосылған бағдарламаны елордалықтардың оң қабылдағаны қуантады. Осы бағдарлама бойынша cанаттар тізімін кеңейттік. Енді медицина және білім беру саласы қызметкерлерінен басқа әлеуметтік қызметкерлер, ТЖД, ПД, мәдениет және спорт қызметкерлері осы санатқа кірді» деп жазды Алтай Көлгінов.
Әкім биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі артатынын айтты. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін өсті. Бұдан басқа, елордада Елбасының бастамасымен «жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 5 =