Әкімдік сайты рекордқа қол жеткізді

0 97

Астана қаласы әкімінің сайты «Астана таңдауы» байқауының арқасында Казнетте рекорд жасады. Қалалық әкімдіктің ресми интернет ресурсы astana.kz сайтында 10 күннің ішінде 25000-нан астам пайдаланушы пайда болды. 

Қала тұрғындарының мұнша назар аударуына себеп болған қа­ланың 15 жылдығына орайлас­тырылған басты іс-шараның бірі – әлеуметтік саладағы үздік қыз­меткерлерді таң­дайтын «Астана таңдауы» бай­қауы болып отыр.

Жалпықалалық «Ас­тана таңдауы» байқауының бас­ты мақсаты – қа­лалықтардың пікірінше, үздік ұс­тазды, қоғамдық көлік жүр­гізушісін, инспектор мен дәрігерді, энергетик пен жолшыны және құрылысшыны анықтап, соларға дауыс беру. Дауыс берудің аяқталуына небары 5 күн қалды. Мамандардың болжамы бойынша, осы кезеңде порталға кірушілер саны 40 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Бүгінде Казнеттегі бірде-бір интернет алаңы 2 аптада виртуальді кірушілер санының осыншама қарқынды өсуімен бұл көрсеткішке теңесе алмайды, – деп атап көрсетеді Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйым­дастыру комитеті штабының медиа тобы. Астана әкімдегі сай­тындағы дауыс беру жүйесі белгілі бір үміт­керге электронды мекен-жайда тек бір дауыс беруге ғана мүмкіндік туғызады. Осы тұрғыдан алғанда дауыс берулер нәтижесі барынша шынайы, әділетті және нағыз өз ісінің көшбасшысын айқындауға бағытталған. Дауыстың көпшілігі мұғалімдер мен дәрігерлерге бе­ріл­ген. Әрбір тұрғын өз ұстазын ең үздік деп санайды. Қазірдің өзінде мұғалімдерге 2000-нан астам дауыс берілді. Бүгінде дауыс саны бойынша әрбір аталымда әлеуетті көшбасшы анықталды. Дегенмен, 5 күнде жағ­дай түбегейлі өзгеруі мүмкін, деп санайды ұйымдастырушылар. Жалпықалалық «Астана таңдауы» байқауының жеңімпаздары ха­лықтың сүйіспеншілігіне ие болумен қатар, материалдық сыйлықтар мен жүлделер алады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × one =