Әкім тұрғындарды қабылдады

0 31

Елорда әкімінің тұрғындарды әр апта сайын қабылдауы игі үрдіске айналдырғаны мәлім. Мұндай үрдістің екі арадағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Жуырда қала басшысы Алтай Көлгінов осындай кезекті кездесуін өткізді. Бұл туралы әкім өзінің Instagram парақшасында жазды.«Кездесуге жазылған азаматтарды қабылдадым. Өзара байланысты нығайту үшін азаматтарды апта сайын қабылдаймыз. Бұл қала тұрғындарының сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Жеке қабылдауға 10 адам қатысты. Кездесу барысында 30-дан астам сұрақ қойылды. Олардың барлығын назарға аламыз. Негізгі сұрақтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, білім алу, медициналық көмек және т.б. қатысты болды» деп жазды А. Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 2 =