Әкім тұрғындарды қабылдады

0 17

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов онлайн тәртіппен 14 отбасын қабылдады. Қала басшысы қабылдау барысында айтылған мәселелердің бәрі ескерусіз қалмайтынын айтты.

«Қала тұрғындарын апта сайын қабылдаймыз. Онлайн режимде тағы 14 отбасы қабылданып, шамамен 30 сұрақ талқыланды. Сұрақтардың бір бөлігі қабылдауда бірден шешімін табады, ал өзгелері бойынша жұмыс істейміз. Сұрақтарды орта мерзімді және қысқа мерзімді деп бөлеміз.
Қабылдауларда әртүрлі мәселелер көтеріледі. Үлестік құрылыс нысандары бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайтамыз (қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй, мектептер, медициналық орталықтар және т.б.), елорда аудандарын «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» басты жоспары аясында орталықтандырып дамытамыз» деп мәлім етті А.Көлгінов.
Қала басшысы жаңа оқу жылы басталғаннан бері білім беру саласына қатысты мәселелер жиі көтеріліп жатқанын жеткізді. «Биыл жаппай оқыту аясында материалдық көмек көрсетілген оқушылар саны артты. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан әрбір оқушыға 40 мың теңгеден бөлінді. Көмектің бұл түрімен 18 мыңнан астам оқушыны қамтимыз. Сонымен қатар, оқушыларға көмек көрсетуге бағытталған өзге де бағдарламалар бар» деп түсіндірді әкім.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 − 7 =