Әкім қабылдауы

0 9

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жыл басынан бері 300-ге жуық азаматты қабылдап, қала тұрғындарының жекелеген мәселелерінің шешілуіне ықпал етті.«Азаматтарды қабылдауды тұрақты жүргізуді жалғастырамыз. Бүгін тағы 8 адамды жеке қабылдадым. Жыл басынан бері 300-ге жуық адам қамтылды. Қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің қатарына тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, әлеуметтік және медициналық көмек, елді мекендерді дамыту, білім алу, абаттандыру жатады.
Мемлекет басшысының тапсыр­масы бойынша жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй, медициналық және оңалту нысандары құрылысының көлемі ұлғайды. Мысалы, осы айда көру қабілеті нашарлаған балаларға арналған мамандандырылған балабақша (Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 9/1) ашылды. Қазір балалар мекемеге барып жүр. Балабақшада тәрбиешілермен бірге медициналық қызметкерлер де жұмыс істейді. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығының желісін айтарлықтай кеңейттік. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі негізде жалғастырамыз» деп жазды Алтай Көлгінов әлеу­меттік желідегі парақшасына.
Әкім, азаматтарды қабылдаудан бөлек, қала тұрғындарымен өзара байланысты нығайтып, елорда аудандарын, соның ішінде елді мекендерді тұрақты аралап тұрады. Бұл шаралар тұрғындарды барынша көп қамтуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қалалық әкімдік тұрғындар көтерген мәселелерді назарға алып, жұмыс істейтін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 4 =