Әкім онлайн- форматта қабылдады

0 22

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн-форматта қабылдау өткізді. Қала тұрғындары тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, үлестік құрылыс нысандары, карантин және т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойды.«Қаланың әрбір шағын ауданын аралау мен азаматтарды тұрақты түрде қабылдау жұмысты жүйелі түрде атқаруға мүмкіндік береді.
Азаматтар тұрғын үй бағ­­дарламасына қатысу, үлестік құрылыс нысандары, қаладағы карантин режимінен қалыпты өмір сүру дағдысына көшу мәселесін көтерді. Төтенше жағдай режимінің тоқтатылуына байланысты карантинді жалғастыру туралы Қаулыға қол қойылды. Санитарлық нормалардың сақталуын басты санитарлық дәрігер қадағалайды. Елордада карантинді аяқтау әр тұрғынның санитарлық нормаларды қатаң сақтауына байланысты болмақ» деп жазды қала басшысы өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × five =