Әкім елшімен кездесті

0 5

Кеше елорда әкімі Алтай Көлгінов Аустрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Вилли Кемпелмен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы қала басшысы Instagram парақшасында жазды.

«Аустрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Вилли Кемпелмен медицина, мәдениет, цифрландыру, туризм, экология салаларындағы ынтымақтастық, оның ішінде бірлескен мәдени-іскерлік іс-шаралар мен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқыладық. Мұндай кездесулер қаламызға жеке инвестициялар тартып қана қоймай, өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді» деп жазды әкім.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 16 =