Әкім атынан алғыс алды

0 145

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Наурыз мейрамы – 2016» қалалық байқауы мәресіне жетіп, үздіктер марапатталды. Оқушылар сарайында өткен салтанатты кеште көрермендер Наурыз көжеден дәм татып, этно-көрмені тамашалады.

ERM_8591

Бұл мерекелік концертте Нау­рыз тойын ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен басқармалар еңбегі ескерусіз қалмады.
Ұлттық нақышта безендірілген алаң, саябақ, тұрғын алаптарда 60-қа жуық киіз үй тігілді. Қоғам қайраткерлері мен қаламгерлерден құралған комиссия мүшелері қаланың думанды жерлерін аралап шығып, осы іске атсалысқандардың жұмысына баға берді.
Тілдерді дамыту басқар­масының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев Наурыз мейрамын жоғары деңгейде өтуіне үлесін қосқан барлық мекемелерге ризашылығын білдіріп, Астана қаласы әкімінің алғысын жеткізді.
Сонымен, бұл байқаудың бас жүлдесіне қалалық Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы лайық деп танылды. Одан кейінгі 1-орынды Жастар саясаты мәселелері басқармасы иеленсе, 2-орын Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына және 3-орын Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына бұйырды.
Ал «Үздік рәсім» аталымымен Көлік және коммуникация колледжі, «Үздік безендіру» аталымымен Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты, «Үздік дастарқан» аталымымен Сәу­лет және қала құрылысы басқармасы, «Үздік киім» аталымымен Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, сондай-ақ, «Үздік ұйымдастырушы» аталымымен Жолаушылар көлігі басқармасы марапатталды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 15 =