Әкім апта сайын қабылдайды

0 38

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында үстіміздегі жылы азаматтарды қабылдаудың жай-жапсарын айтты.

«2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз. Бүгін 10-нан астам тұрғынды онлайн қабылдадым. Президент Парламенттің VII сайланымындағы Мәжілісінің алғашқы сессия­сының ашылуында сөйлеген сөзінде мемлекет өз жұмысында әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауға басымдық беру керегін, атаулы мемлекеттік көмек пен оны алу шарттары күшейтілуі тиіс деді. Азаматтарды қабылдау көбірек адамды әлеуметтік көмекпен қамтуға, мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.
Азаматтар сұрағының басым бөлігі тұрғын үй мен әлеуметтік көмекке қатыс­ты. Өткен жылдың күзінде тұрғын үй саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық осы себепті ашылды (Республика даңғылы, 32). Онда тұрғын үй кезегінің нөмірі, кезекке қалай тұру керегі, түрлі тұрғын үй бағдарламаларына қатысу жолдары сияқты ақпарат алуға болады.
Әлеуметтік мәселелер бойынша көмек көрсетуге «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы (Бейбітшілік көшесі, 14) бар. Онда «бір терезе» қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ашылған сәттен бастап 41,5 мыңнан астам адам жүгініп, өздерін толғандыр­ған мәселелерге қатысты кеңес алды.
Осылайша қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін шешу қала тұрғындарының басқа санаттағы азаматтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік берді» деп жазды қала әкімі өз парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 3 =