ӘКЕЛЕР ӘДЕПКЕ ШАҚЫРДЫ

0 393

Өткен аптада №59 мектеп-лицейінің бастамасымен әкелер слеті өтті. 15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орайластырылған бұл шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Астана қалалық әкімдігінің өкілдері қатысты. Шара барысында ұстаздар мен ата-аналар ұрпақ тәрбиесі туралы ойла­рын ортаға салды.

Айта кетерлігі, аталған мектептің бастамасымен былтыр балалардың тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмеген ата-аналармен жұмыс істейтін арнайы Әкелер кеңесі құрылған болатын. Кеңестің мақсаты – отбасындағы әкенің беделін арттырып қана қоймай, оның бала тәрбиесіндегі міндетін ұлттық дәстүр негізінде қалыптастыру еді. Сондай-ақ, кеңес балалар арасындағы бұзақылықтың алдын алу мәселелерімен айналысып, сынып жетекшілеріне мінез-құлқы қиын жасөспірімдерді тәрбиелеуде қол ұшын береді.

Ұйымдастырушылардың айтуын­ша, бала тәрбиесіне тек аналар жау­апты деген пікірді өзгертуіміз керек. Әке – балаға сыншы, әрі ақылшы, тірегі бола білуі тиіс.

Осы слет аясында елордалық мектеп оқушыларының ата-аналары мектеп ауласынан Әкелер саябағын ашты.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × one =