Әке салған ізбенен…

0 56

Полиция аға лейтенанты Бауыржан Пернебеков елордалық полицияда 4 жылдан бері қызмет етіп келеді. Оның осы саланы таңдауына әкесінің 25 жылын құқық қорғау органдарына қызмет етуге арнағаны себепші болған.

«Әкем учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарған еңбекқор азамат, әрдайым маған үлгі бола білді, қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысында. Мен ылғи да әкем сияқты тура жолдағы адал азамат болуды, полицияда қызмет етіп, көмекке мұқтаж адамдардың жанынан табылуды армандайтынмын» дейді Бауыржан.
Алматы ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі №3 учаскелік полиция пункті қызметкерлерінің жұмыс күні қарбаласқа толы. Өз міндетіне кіретін аумақта 6 мыңға жуық тұрғыны бар 10 тұрғын үй кешені бар. Ол жұмыстан тыс уақытта да тұрғындармен байланыста болады. Оған тұрғын үйлердің ортақ чаты көмектеседі. «Негізгі қызметіміз – өзімізге бекітілген әкімшілік аумақта болу, аулаларды аралап тексеріп шығу, есепке алынған адамдарға бақылау жасау, аңшы қаруын сақтауға рұқсаты бар аңшыларды тексеру, қылмыстың алдын алу. Мен 6 бірдей чатқа қосылғанмын, бұл өте қолайлы. Бүгінгі күні азаматтардың өздері чаттарда оқиғалар мен орын алған мәселелер туралы ақпараттарды жариялап учаскелік полиция инспекторларына көмек көрсетуде» дейді полиция аға лейтенанты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − eighteen =