Академикке құрмет көрсетті

0 10

Жақында көрнекті антрополог, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлов ақсақал тоқсан жасқа толды. Айтулы тұлғаның осы мерейтойына орай Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғалым қызы Айнагүлмен бірлесіп жазған «Қазақ халқы және ата тегі» атты жаңа кітабының таныстырылымы болды.

Бұл ғылыми еңбекте академиктің елу жылға жуық жинақтаған материалдары негізінде қазақтардың бет-бейнесі, қан жүйесі, тіс морфологиясы, тері бедерлері мен қаңқа сүйектеріне жасалған салыстырмалы зерттеулерінің ғылыми тұжырымдасы топтастырылған. Мұнымен қоса, ол байырғы қазақтың атамекені мен оның тұрғындарының шығу тегіне, олардың тарихи-биологиялық дамуына байланысты этноантропологиясына, түркітектес халықтардың лингвистикасы мен антропологиясына арналған. Аталған кітапта қазіргі Қазақстан жерінде мекен еткен көне заман тұрғындарының үзіліссіз нәсіл-тек жалғас­тығының көрінісі бүгінгі қазақ халқының морфофизиологиялық құрылымында оның түп-тұқиянының антропологиялық ерекшеліктері ежелгі Қазақ атамекенінің қола дәуірінен бастап кешегі XX ғасырға дейін, яғни 40 ғасыр бойы, айтарлықтай деңгейде сақталып қалғаны баяндалады.
Мазмұнды шара барысында университет ректоры Ерлан Сыдықов академикті тоқсан жасқа толуымен және жарыққа шыққан кітабымен құттықтай келе, ғибратты ғалымның өнегелі өмір жолын айта келіп, елімізде антропология ғылымы әлі де дамымағандығына назар аударды. Осы ретте Оразақ Смағұловтың ғылыми мектебі мен ғылыми жобаларына мемлекет тарапынан қолдау қажеттігін жеткізді. Сөз соңында ректор Ғылыми кеңестің шешімімен академикке Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілгендігін айтып

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =