Айжан ЖДАНОВА: ФОРУМ РУХАНИ ІЗГІЛІККЕ ҮНДЕЙДІ

0 119
айж
Айжан ЖДАНОВА, Рухани келісім форумы баспасөз қызметінің жетекшісі

– Астанада 17-18 қазан күндері өтетін «Бейбітшілік, келісім және руханият мәдениеті» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына биыл кімдер келеді?

– Форумға 17 елдің өкілдері келеді. Олардың қатарында әлемге  аты танымал мемлекет, қоғам қай­раткерлері, ғалымдар бар. Атап айтқанда, Рамазан Абдулатипов, Вильгельм Аугустат, Бүкіл  әлемдік Рухани мәдениет форумның тең төрағасы, «Мәдениет арқылы әлем-Еуропа» халықаралық ассоциациясының президенті, Этика институтының директоры, Джонатан Гранофф (АҚШ), РФ Президенті жа­нындағы жеке құқық зерттеу орталығының атқарушы директоры Юрий Андреевич сынды тұлғалар бар. Сонымен қатар, форум жұмысын насихаттайтын шетелдік журналистер мен жазушылар да же­терлік. «Астана ақшамы» газеті форумның бүған дейін өту барысын жария еткен мақалалар топтамасын Аргентинада наси­хаттаған Сусанна Робертс, ук­ра­иналық әріптесіміз Наталья Вареник, Грузиядағы «Вечерний Тбилиси» газетінің бас редакторы Вадим Анастасиади секілді қаламы қарымды әріптестеріміз форум арқылы қазақ еліндегі  то­леранттылықты насихаттайды.

– Осы форум қандай мақсат-мүддені көздейді?

– Қазақстан халқы ассамблея­сы және Бүкіл әлемдік Рухани мәдениет форумы ұйым­дастырған алқалы жиын ортақ мүддеге әлемдегі бейбіт­ші­лікке, рухани ізгілікке, қайы­рымдылыққа үндейді. Өзі­ңіз білетіндей, 18 қазан Қазақ­стан­дағы Рухани келісім күні ретінде мерекеленеді. Ша­раның 17-18 қазанда өту себебі сондықтан. Дәл осы күні ел ау­ма­ғында қа­йырымдылық шаралары өтіп, дастарқан жайылмақ. Ал, Рухани Келісім күнінің тарихына келер болсам, Қазақстанның егеменді, зайырлы және демократиялы ел ретінде пайда болғанына бір жыл толмай тұрып, 1992 жыл­дың қазан айында, Алматыда Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен І Бүкіл әлемдік Рухани келісім конгресі өткізілді. Конгресс әртүрлі конфессиялар, рухани мектептер мен қоғамдық қозғалыстардың өкілдерін жинады. «Діни сыйластық үшін! Іріткісіз айырмашылықтар үшін! Мейірімділік жолында бірге қызмет ету үшін!» – бұл ұстанымдар Рухани келісім кон­гресінің жұмысына негіз болды. Конгресте қабылданған манифесте оның қатысушылары 18 қараша күнін жанжалдар мен қақтығыстарға мораторий,
адамдар арасында өзара түсі­ністік, рақымшылық және жа­қыныңа көмек көрсету күні деп жариялауға шақырды. Бүкіл әлемдік Рухани келісім кон­гресінің бастамасымен қазақ­стандық күнтізбеге қо­ғамдық маңызы бар күн – Рухани келі­сім күні енгізілді.

– Ал, бүкіл әлемдік Рухани Мәдениет Форумы қашан өтеді?

– Бүкіл әлемдік Рухани мә­де­ниет форумы тұңғыш рет 2010 жылдың қазан айында Ас­тана қаласында өткен болатын. Биылғы кез­десу бары­сында форумның екінші кон­ференциясын қай елде өткі­зе­тініміз шешіледі. Қазақстан Республикасының Президенті тарапынан қолдау тапқан бұл іс-шара әлемнің 70 елінен 500-ден аса интеллектуалды элита өкіл­дерін жинады. Форум әлемнің
назарын жан дүние мен мораль­дық ұстанымдардың әбден то­қырауын жеңудің маңыз­ды­лығына аударды. Аталған мәсе­лелер әртүрлі мәдениет пен діндердегі адамдардың рухани бірігуі жекеленген мем­ле­кет­тердің ғана емес, әлемнің ірі ау­­­дандарының тұрақты әрі бекем дамуын қамтамасыз ететін стра­тегиялық фактор екендігімен өзекті. Өкінішке қарай, осы уа­қытқа дейін адамзат әлемдік шие­­­леністі мәселелерді шешуде күш қолдану әре­кеттеріне жиірек жү­гінуде. Бұл тұрғыдан алғанда, шетін мәселелердің шешімін
та­бу­дың ең оңтайлы жолы – сұх­бат­тасу, ой алмасу. Осы орайда, бұл форумның берері мол.

Еркежан КӨПТІЛЕУҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + nine =