«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Айыппұлды қайда төлеуге болады?

Алло, «Астана ақшамы»!

0 303

Рүстем ГАФАРОВ, елорда тұрғыны:

– Айыппұлым бар еді, соны қайда төлеуге болады?

Бұған қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

Көлік жүргізуші­лердің ақылы тұрақтардың қызметіне төлемегені үшін айыппұлдарды өтеудің бірқатар әдістері қарастырылған. Айталық, мамыр-маусым айында елорданың көлік иелері Нұр­жол желекжолындағы ақылы тұрақтардың қызметіне төлемегені үшін айыппұлдың салынғандығы жөніндегі ұйғарымдарды жиі ала бастады.


Астана қаласы ІІД-нің Әкім­ші­лік полиция басқармасында ұйғарымды алған көлік иесі өзіне айыппұлдың салынғанын немесе салынбағанын egov.kz элек­тронды үкімет порталында немесе qamqor.gov.kz сайтында (бұзушылықтың суретін көру мүмкіндігі қарастырылған) онлайн режимінде, есеп айырысу кассалары бөлімдерінде немесе «Қазпошта» бөлімдерінде тексеріп, оны өтей алатындығын мә­лімдейді.
Әкімшілік құқық бұзушы­лық­­тардың бірыңғай тізімі бар банк­тік төлем жүйесі енгізілуінің арқасында айыппұлды ақшалай өтеу кезінде оның өтелгендігі жө­ніндегі ескертпелер базаға бірден келеді. Бұл тұста айыппұл есепке алынатын бюджеттік классификацияның коды (БКК) – 204106 сандарын мұқият теру қажет. БКК дұрыс терілмеген жағ­дайда, айыппұл өтелмейді.
Айыппұлды ақшалай kaspi төлем қызметтерінің терминалдары арқылы да төлеуге болады. ЖҚЕ бұзғандығы үшін салынған айыппұлды kaspi.kz, egov.kz, HandyPay, MyPay, homebank.kz мобильдік қосымшалары арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Сондай-ақ, айыппұлыңыз бар екенін Telegram мессенджерінен тексеруге болады. Ол үшін мессенджердің іздеу жолағында
@KazPostBot парақшасының атауын енгізіп, нұсқаулыққа сәйкес командаларды орындау қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды