Айыппұлдан босатылды

0 7

Қалада 2020 жылы жарияланған жеке тұлғаларға арналған салық амнистиясының алғашқы нәтижелері бойынша жалпы сомасы 49 миллион теңгеге 16 мың салық төлеуші айыппұл төлеуден босатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында өткен тікелей эфирде Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік төлемдер басқармасы басшысы Ерлан Бакиров айтты.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша рақымшылық басталғаннан бері жеке меншікке салынған салық сомасы 1,1 млрд теңгеге жуық болды, онда өсімпұл сомасы 447 млн теңгеге тең. Спикер есептен шығару тек негізгі салық толық төленген жағдайда ғана жүзеге асырылатынын атап өтті. Мәселен, рақымшылық жергілікті мүлік салығына, яғни жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдары салығына қатыс­ты болып отыр. Өсімпұлды есептен шығару 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін жүргізіледі. Рақымшылық мерзімі аяқталғаннан кейін салық берешегі бар салық төлеу­шілерге өндіріп алу шаралары қолданылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × four =