Айына – 5 миллион бетперде

0 28

Кеше ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау, Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің лауазымды мамандарымен бірге елордадағы «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» компаниясы мен салынып жатқан Ұлттық ғылыми онкология орталығына барды.

Қала әкімі кешкілік аралау барысында Алматы ауданының бірқатар аулаларында (Абылай хан көшесі, 55, Ғ.Мүсірепов көшесі, 10/3) жүргізілген жөндеу жұмыстарын өз көзімен көріп қайтты.
Ғ.Мүсірепов көшесі, 10/3 бұрын қылтаны жоқ батпақ жер ғана болатын. Бұл мәселені аудан тұрғындары қала әкіміне мәлім еткеннен кейін аталған аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жөндеуден кейін жаңа аула барлық жастағы тұрғындарға ыңғайлы болды. Аулада спорт түрлерімен айналысуға, футбол ойнауға болады. Үлкен кісілер немерелерімен уақыт өткізе алады. «Алматы ауданның аумағында алдағы уақытта тағы да бірқатар тынымбақты абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл ауданда биыл абаттандырылған аулалар саны 33, алдағы уақытта қала бойынша 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Сондай-ақ №37 «Арман» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жұмыс­тарын жүргіземіз. Биыл 26 білім беру нысанын (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөндейміз. Бірқатар көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне күрделі жөндеу жүргіземіз. Оған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы айтарлықтай көмектеседі» жазды Алтай Көлгі­нов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − three =