Айтылмаған бір әнім бар

0 18

Елордада халық арасында «Қазақтың қоңыры» атанған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Нұрлан Өнербаевтың «Айтылмаған бір әнім бар» атты шығармашылық кеші өтті.

a7903e13585927df4ad64b2f664b9fe6

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен кешке Музыкалық жас көрер­мендер театрының әртістері мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Саят Медеуов, Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуәлі, «Славян базары-2021» халықаралық фестивалінің Гран-при иегері Рухия Байдүкенова, Junior Eurovision-2020 халықаралық байқауының лауреаты Ержан Максим, «Славян базары-2019» халықаралық фестивалінің Гран-при иегері Әділхан Макин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат-Света Айтбаевтар, т.б. өнер иелері қатысып, кеш иесінің орындауындағы әндерді шырқады.

Шығармашылық кеш барысында бейнеархивтер көрсетіліп, Музыкалық жас көрермен театрының әртістері театрландырылған көрініс арқылы кеш иесінің әншілігімен қоса актерлік өнер саласына да қосқан үлесін, сонымен қатар қазақ радиосы, телеарналардың алтын қорларындағы еңбектерін көрсетті.

Баян Асылбекова

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × three =