Айтулы шаралар аңдатпасы

0 108

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев дүйсенбі сайын өтетін дәстүрлі брифингте алдағы күндерде елімізде болатын айтулы шаралар жөнінде баяндады.

Маңызды шаралар тізбегіне шолу жасаған Алтай Әбибуллаев сөзін Үкімет қабырғасында болатын жаңалықтардан бастады. Бүгінгі Министрлер кабинетінің отырысында еліміздегі құрылыс индустриясының даму мәселесі мен «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының орындалу барысы талқыланбақ. Сондай-ақ, қуат көздерін үнемді пайдалану, осы саланың бүгіні мен болашағы төңірегінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев баяндама жасайтын болады.

16 мамырда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Оң­түстік Қазақстан облысына аттанады.

15 мамырда ҚР Үкіметі мен Есеп палатасы ҚР Парламенті Сенатына 2012 жылдың бюд­жеті қалай орындалғаны жөнінде есеп береді.
Ал, еліміздің сыртқы саясатына келсек, кеше Сыртқы істер министрі Ерлан Ыды­ры­совтың Испанияға тұңғыш ресми сапары басталды. Сапар барысында министр Испа­ния королі Хуан Карлос І және осы елдің қос палатасы төрағалары мен Сыртқы істер ми­нистрімен кездесіп, өзара келіссөздер өткізбек. Биыл күзде елімізге Испания Ко­рольдігінің премьер-министрі Мариано Рахой ресми сапармен келеді деп күтілуде. Осыған байланысты қандай мәселеге ерекше назар ауд­ару қажеттігі жөнінде де келіссөздер барысында сарапталатын болады.

Министр Ерлан Ыдырысов сондай-ақ, 14-16 мамыр күндері Португалия Республикасына ресми сапармен аттанып, осы елдің президенті Анибал Каваку Силвамен және Португалия Ассамблеясының (парламент) төрағасымен, Сыртқы істер министрімен екіжақты келіссөздер жүргізуді көздеуде.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 6 =