Айтулы ғалымды ардақтады

0 35

Биыл көрнекті әдебиеттанушы ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі, марқұм Рымғали Нұрғали ағамыздың туғанына сексен жыл толды. Осы айтулы датаға орай елордада «Еуразиялық вектор: қазіргі заманның дәстүрі мен мәдениеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция­ өтті. Мазмұнды іс-шараға қоғам қайраткелері, отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.

Алқалы жиынды белгілі ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі
Дихан Қамзабекұлы ашып, көрнекті ғалым туралы парасатты сөз өрбітті. Одан кейін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, қарымды қаламгер Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет ұстаз-ғалым жайлы естеліктерімен бөлісті.
Пленарлық мәжілісте Татарстанның ­Қазан федералды университетінің профессоры Х.Миннигулов, Ресейдің Солтүстік Кавказ федералды университетінің профессоры В.Ходус, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Б.Әбдіғазиұлы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары ­Қ.Алпысбаев пен Т.Жұртбай, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ақын Б.Жақып және т. б. ғалымдар мен ардақты азаматтың замандастары, пікірлес інілері, шәкірттері тұғырлы тұлғаның ғылыми мұрасына жоғары баға беріп, жарқын бейнесін еске алды.
Сондай-ақ жиын барысында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, танымал ақын Аманжол Әлтай «Академик Рымғали Нұрғали атындағы стипендияны» кафедраның ұйғарымымен ФҚТ-4 тобының студенті Ерасыл Садуақасқа бір оқу жылына тағайындады.
Қысқасы, халықаралық деңгейде ұйымдастырыл­ған конференция материал­дары «Академик Рымғали Нұрғали зерттеулерінің ұлттық әдебиеттану ғылымындағы орны», «Әлемдік рухани ықпалдастық және ХХ ғасыр басындағы мәдени үрдістерді ғылыми интерпретациялау», «Жаһандану кезеңіндегі гуманитарлық ғылымдар жүйесі» атты үш тақырып бойынша жүйеленді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − 5 =