АЙТУЛЫ ДАТАҒА АРНАЛДЫ

0 208

ERA_9584

«Астана» ұлттық сурет галереясында қалалық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи-танымдық кеш өтті.

Іс-шара осыдан бес жарым ғасыр бұрын құрылған Қазақ хандығы жөніндегі бірден-бір дерек – Мұ­хам­мед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінен алынған үзіндімен басталды. Әрі қарай Керей мен Жәнібек хандар тұсындағы халқымыздың басынан кешкен ірі оқиғалары баяндалды. Ол көріністерді Қ.Қуанышбаев атын­дағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры әр­тістері сахналады. Кеште жыршы Алмас Алматов, айтыскер ақын Балғынбек Имашев, дәстүрлі әншілер Ерлан Рысқали, Айгүл Елшібаева, «Алашұлы» тобы, «Наз» мемлекеттік би театры өнер көрсетті.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − one =