АЙТУЛЫ АКЦИЯ БІР АЙҒА СОЗЫЛАДЫ

0 153

1346253696_03

Бас қалада «Назар аударыңыз! Балалар!» жедел-алды­н алу іс-шарасы бас­талды.
Ол осы айдың 30-ына дейін жалғасады. Акция аясында­ ұйымдастырылған шаралар туралы Астана­ қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғосман Жақин әңгімелейді.

– Аталмыш акция аясында қандай шаралар ұйымдас­ты­ры­лады?

– «Назар аударыңыз! Балалар!» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Астана қала­сын­дағы Ішкі істер депар­­та­менті әкімшілік поли­ция бас­қар­ма­сы­ның қызмет­­кер­­лері білім беру меке­ме­ле­рін­дегі жас жол қоз­ғалыс инс­пек­тор­ларымен бір­­ле­сіп мектеп оқушыларына кәме­­лет­ке толмаған балалар­дың қаты­суымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын­ алу, олардың өмірі мен ден­сау­лы­ғын­ сақтау, қала жолдарындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыс­тарын жүргізеді. Жол ереже­лерін бұзған балалардың ата-аналары әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылады.

Астанада 72 мектеп болса, барлық білім беру мекеме­ле­рін­де соншалықты жас жол қоз­ға­лыс инспекторлары бар. Бала­лар жарақат­танушылығын алдын алу мақ­са­тын­да олардың қатысуымен слет­тер ұйым­дас­ты­рылып тұра­ды. Маусым айында балалар Өске­мен­де өтетін осындай шараға қаты­сып қайтуды жоспарлап отыр.

Осы акция аясында біз Аста­на­дағы №2 қалалық балалар ауруханасында болып, ондағы жол апатынан зардап шеккен балаларға жарқылдауық білезіктер сыйға тарттық. Жар­қылдауық элементтері бар киімдерді киіп, заттарды қол­дан­ған жаяу жүргіншіні жүргі­зуші тәуліктің қараңғы мезгі­лінде де жолда жылдам байқай алады. Олар 300-400 метрден көрінеді.

– Қазіргі таңда жол апаты салдарынан зардап шеккен балалар саны қанша?

– Бүгінде Астанадағы №2 қа­ла­лық балалар ауру­ха­на­сы­ның трав­матологиялық пунк­ті­не түскен балалардың саны 100-ден 150-ге дейін көбейген. Қазіргі уақытта жол апаты сал­да­рынан зардап шеккен 27 бала осы емдеу мекемесінде ем қабылдауда.

Жалпы, жақында тіркелген 28 жол-көлік оқиғасының салдарынан бір бала қайтыс болса, 27 бала түрлі жарақат алған. Олардың басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, 23-і жолды белгіленбеген жерлерден өткен. Сондай-ақ, кейбір ата-аналар кәмелетке толмаған бала­лар­ды көлікте ұстап оты­ра­тын құрылғыларсыз тасы­мал­дайды. Осындай жол апа­ты­ның бірінде автокрес­ло­сыз тасымалданған 10 жасар қыз оқиға болған жерде қай­тыс болды. Акция аясында ұйым­дас­ты­рылатын шаралар барысында мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік ереже­ле­рінің қатаң сақталуын ескертеміз.

– Акция қаншалықты жиі өткізіліп тұрады?

– Жыл сайын екі рет: кезекті оқу жылының аяқталар алдында және жаңа оқу жылы қарсаңында өткіземіз. Мұн­да­ғы басты мақсат – кәме­лет­ке толмағандардың қатысуы­мен болатын жол-көлік оқи­ға­ла­ры­ның алдын алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлық машықтарын бекіту.
Биыл мамырдың 20-сы күні басталған акция осы айдың 30-ына дейін жалғасады. Акция аяқ­тал­ғанға дейін елордадағы әрбір оқушыға 4 ай мерзімге жарамды сақтандыру полисін сыйға тартпақшымыз.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − 9 =