Айшықты суреттер әлемі

0 17

Қазір елорданың көркем келбетін биік үйлер, сәнді ғимарат, самал жел соққан саябақтар мен неше түрлі гүлдердің хош иісі аңқыған гүлзарлар ғана емес, қабырғаға салынған суреттер де айшықтай түскен.Жуырда Есіл ауданында жаңадан қабырғаға салынған осындай екі сурет пайда болды. Мұны ғылыми тілде «Мурал» деп айтады.
Оның бірі – «Мәңгілік ел» деректі фильмінің бір бөлігі ретінде кезінде дүйім ел адамдарының табаны тиген ЭКСПО аумағында орналасқан. Бұл жердегі суретте ұлан-ғайыр еліміздің бай картасы әсерге толы әсемдігімен бейнеленген. Монументалды туындының ауданы 600 шарты метрді құрайды.
Ал, екінші «Ғарыш әлемі» деп атал­ған сурет дөңгелек алаңның көпір бөлігінде салынған. Оның ауданы мың шаршы метрді алып жатыр. Бұл суретте ғарыш тақырыбы кеңістікпен ерекше үндестік тапқан. Көпірдің астынан өтіп, аспан әлемін, жұлдыз­дар мен тылсым сырға толы ғаламшарды көруге болады.
Сонымен бірге Мәңгілік ел даңғы­лындағы жаяу жүргіншілер көпірінің асты жарықдиодты шаммен безендіріліп, прожекторлар ұяшықтарға шахмат тәртібімен тақтайша үлгісінде орнатылды. Бұл көрініс түнде ма­ңайға әдемі әсер береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + twenty =