Айшықты іздерін қалдырған

0 16

Әр жылдарда «Астана ақшамы» газетінде қызмет атқарған аға буын журналистердің еңбегі ерекше болғаны сөзсіз. Осы орайда астаналық газеттің қалыптасуына, оның мазмұны мен көркемдігін жақсартуға үлес қосқан, жас мамандарға тәлім беріп, өнеге көрсеткен абзал азаматтардың кейбірі бүгінде ортамызда жоқ. Бұл ретте бас редактордың бірінші орынбасары болған Дидахмет Әшімханұлы, газеттің жауапты хатшысы болған Ерғазы Әсембеков, бас редактордың орынбасары болған Төлеубай Ілдебаев, бөлім меңгерушісі болған Айтқадыр Тілеуов сынды журналистердің есімдері, жарқын істері көңілден өшпек емес.
Көңіл көкжиегінде қонақтап қалған алдыңғы толқын ағалардың жазған мақалаларын, айтқан әңгімелерін, ақыл-кеңестерін әлі күнге дейін әріптестері үлкен ілтипатпен еске түсіріп жатады. Дидағаның кең дархан мінезіне, шырайлы шығармашылығына, Ерағаның жанкешті еңбекқорлығына, бауырмал мейірбандығына, Төкеңнің биязы сыпайылығына, маржандай жазуына, Айтекеңнің сырбаздығына, жайсаңдығына қызығып қараған жас журналистер үшін осы қаламгар ағалардың өнегесі көп болғаны сөзсіз.
Біз бүгін «Астана ақшамы» газетінде айшықты іздері қалған әріптес асыл ағаларды еске алып, олардың редакция жұмысындағы сәттерінен түсірілген суреттерді жария­лауды жөн көрдік.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 17 =