Айрықша қажеттіліктері бар 500 бала «Астана – мейірімді қала» акциясы шеңберінде шырша мерекесіне барды

0 112

«Астана – мейірімді қала» қайырымдылық акциясы аяқталуға жақын, алайда қайырымды азаматтар мұқтаждарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларына белсене қатысып отыр. Бүгін № 65 мектеп-гимназияда Астана қаласының білім басқармасы ұйымдастырған қайырымдылық ертеңгілік өтті.

c-3

«Елордалық кәсіпкер Еркебұлан Жұмағалиев айрықша қажеттіліктері бар 500 бүлдіршін үшін шырша мерекесін өткізуге демеушілік қолдау көрсетті және сыйлықтар тарту етті. Шараға қалада тұратын, түрлі ауруларға шалдыққан 7-17 жас аралығындағы балалар қатысты. Олардың арасында сал ауруына шалдыққандар, коррекциялық мектептердің, инклюзивті сыныптардың тәрбиеленушілері, есту қабілеті нашар, нейроинфекциялық ауруларға шалдыққан балалар бар», – дейді №65 мектеп-гимназиясы директорының білім-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Әсем Әуезханова.

Есту қабілеті бұзылған балалар үшін сурдоаудармашылар шақырылды. Шара шеңберінде анимациялық кейіпкерлердің және сайқымазақтардың қатысуымен спектакль қойылды.

Сонымен қатар, М. Өтемісұлы ат. Оқушылар сарайында «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбектің қатысуымен жаңажылдық ертеңгілік өтті. Бұл шара да «Астана – мейірімді қала» қайырымдылық акциясына орайластырылды. Бүлдіршіндер назарына мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Аяз Ата, Ақшақар, мультфильмдердің кейіпкерлері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Ертегілер жәрмеңкесі» театрландырылған қойылым балалардың көңілін көтерді. Мереке шеңберінде бүлдіршіндерге жаңажылдық сыйлықтар таратылды.

astana.gov.kz.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + 4 =