АЙНАЛАНЫҢ КӨРКІ АДАМНЫҢ ІШКІ ТАЗАЛЫҒЫНАН БАСТАЛАДЫ

0 203

ERA_7660

19 сәуір күні елордалықтар күрек-кетпенін алып, жалпықалалық сенбілікке шықты. Оған Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысып, тазалық айлығына атсалысқан барша жұртшылыққа алғысын білдірді.

Журналистер мінген көлік «Қалалық романс» деп аталатын саябаққа келді. Мұнда тазалық жұмыстарықызу жүргізіліп жатыр екен. ҚР Президентіәкімшілігі, «Нұр Отан» партиясықалалық филиалы, ІІМқызметкерлері түгел еңбек науқанына кіріскен. Шаһар басшысы Иманғали Тасмағамбетов те осында келіп, ағаш отырғызды. Оның айтуынша, елордада жыл сайын 20 мың түп ағаш егіледі. Ал, экологиялық айлық аясындаөтіп жатқан бүгінгі жалпықалалық сенбілікте 7 мың ағаш пен көшет отырғызылатын болады.

– Бүгінгі күні сенбілікке шығу елордалықтарүшінүйреншікті дәс­түрге айналды. Бұл – туған жерін, туғанқаласын жақсы көретін адамға оны іспен дәлелдеудің тамаша мүм­кіндігі. Сенбілік – елордамыздың сәулеті мен сәнін арттыратын, таза­лығы мен тәртібін түзейтін ерекшеүрдіс. Таза ауа, таза су, таза орта деген дүниеніңөзі адамның ішкі та­залығынан туындайды. Сондықтан оғанәр астаналық белсене атсалысатынына сенімдімін, – деді Иманғали Нұрғалиұлы.

Қалаәкімі Астананың тазалығыүшін күндіз-түні тыным таппайтын коммуналдық мекемеқызмет­кер­лерінің еңбегіне ерекше тоқталып, солардың арқасындақаламыз тап-тұйнақтай таза тұрғанын жеткізді. Ара-тұра оларғақолғабыс жасап, сенбілікке шыққаннан ешкім деұтылмайды дедіәкім.

Жалпықалалық сенбіліктеүш мыңға жуық ағаш отырғызылды. Есіл ауданындаөткен елорданың тазалық емтиханында Премьер-министр кеңсесі, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Жоғарғы сот, Экономикалық сауда және даму министрлігі, Спорт және дене шынықтыру агенттігіұжымы белсенділік танытты. Олар Тұран көшесі мен Орынбор көшесіне де­йінгі аралықта 1500-ге жуық көшет отырғызды.

Қала тазалығын сақтау – бар­шаға ортақ міндет. Бұл күні Алматы ауданындағы абаттандыру жұмыс­тарына 40 мыңдай адамқатысты. Олардың басым бөлігі – студенттер. Мәселен, Л.Гумилев атындағы Еуразияұлттық университетінің жастары Астана-Қарағанды тас жолын, Ақбұлақөзенінің жағасын күл-қоқыстан тазартты. Гуманитарлық және медициналық колледж сту­денттері болса темір жол бойын тазалауға көңіл бөлді. Мердігерлік мекемелердің күшімен Есілөзені жағалауынан бастап «Рубеж» бе­ке­тіне дейінгі аралық тазаланып, түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.

– Бүгінгі еңбек мерекесіне №1 емханаұжымы да түгелқатысты. Мұндай шараны біздіңұжым көк­тем шыққаннан бастап, жергеқар түскенге дейінәр сенбі сайын дәстүрлі түрдеөткізіп тұрады. Ауланың таза болғаны ең алдымен емханаға келіп жүрген тұрғындарүшін пайдалы. Бүгінгі сенбіліктің басты ерекшелігі – ауламызға ағаш отырғызып, айналамызды тазартып жатырмыз. Менөзім бірнеше ағаш отырғыздым, – дейді медбике Айтолқын Төкенқызы.

Бұл күні ауданның басты көшелері мен саябақтарындағы 45 мың ағаш­тың түбіәктеліп, тазалық жұмыс­тарықала сыртындағы тұрғын алаптарда да жалғасын тапты.

Айта кеткен жөн, басқаланың тазалығын сақтауға ерекшеқатыс­қандардың бірі – ПИКұжым­дары. Олардың көмегімен елорда тағы да 1600 көшетпен толықты.

Елорданың Сарыарқа ауданы тұрғындары да бұл күні жаппай сен­білікке шықты. Әсіресе, Тілендиев көшесіндегіқызу жұмысқа еңбек ардагерлері атсалысты. Қала көркінеүлесқосуға жиналғандарға күрек, тырма таратылып, қоқыс жинауға арналған арнаулықапшықтар бөлінді.

Бұл күні тек тазалық жұмыстары жүргізіліпқанақойған жоқ. Аста­­наның аулалары абаттандырылып, кейбір аумақтарғақатты жабындар төселді. Тұрғынүй кіре­берістері жарықтандырылып, балалар және спорт алаңдарықайта жабдықталды. Тіпті, қаланың келбе­тіне сән-салтанат беретін безендіру жұмыстары да басталып кетті.

Елорданың Табиғи ресурстар және Экология басқармасының бастамасыменөзен арналарына санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Ақбұлақ пен Сарыбұлақ жағасында экологиялық акцияларұйымдастырылды.

«Қала тазалығын сақтау – бар­лық астаналықтарға ортақ міндет. Астанақай жағынан болса да басқағаүлгі болу керек. Ағаш отыр­ғызу, оны күтіп-баптау – кәсіп­орын жұмысшыларының күн­де­лікті тірлігі. Осындай сенбілік кезінде тұрғындардың есебінен жұмы­сымыз тіптен жанданып, марқайыпқаламыз» дейді «Астана көгал­дандыру» мекемесініңқыз­меткері Самат Баймурзин.

Жалпықалалық сенбіліктің мақсаты – қала көшелерінің таза­лығын сақтауғақоғам назарын аудару, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетқалып­тастыру. Ағаш отырғызу – ата-баба дәстүрінен келе жатқан игіүрдіс десек, елордалықтар отырғызған ағаштар ертең-ақ жай­қалыпөсіп, тұрғындардың саялы бағына айналатыны сөзсіз.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + ten =